"Туғаннан құжатсыз жүрген". ШҚО-ның 24 жастағы тұрғыны жеке куәлік алды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Туғаннан құжатсыз жүрген". ШҚО-ның 24 жастағы тұрғыны жеке куәлік алды Сурет: polisia.kz

ШҚО-да 24 жастағы әйел жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген, - деп хабарлайды Polisia.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да 24 жастағы әйел жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген, - деп хабарлайды Polisia.kz

Өскемен қаласындағы "Ана Үйі" қоғамдық қорының "Аналар үйі" орталығында жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 24 жастағы әйел тұрады. Оның туу туралы куәлігі де жоқ.

Әйел ШҚО Шемонаиха ауданында дүниеге келген. Ата-анасы ажырасқаннан кейін ол анасымен бірге Өскеменге көшіп келген. Мектепті бітіргеннен кейін жұмыс істемеген, анасының қамқорлығында болған.

Өзі 18 жасында босанған. Ал анасы қайтыс болғаннан кейін баласымен бірге өмір сүретін қаражаты болмаған соң қиын жағдайға тап болған. Қазір оның қызы 7 жаста және 3 жылдан аса уақыт балалар үйінде тұрады. Өскемен қаласы Полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері дағдарыс орталығының қызметкерлерімен бірге ҚР азаматы екенін растау, туу туралы куәлікті қалпына келтіру және жеке куәлікті ресімдеу үшін әйелге қажет құжаттарды жинауға көмектескен. Енді ол жұмысқа орналасып, қызымен бірге тұра алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети