Алматы облысында жеті көлік соқтығысып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысында жеті көлік соқтығысып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол апаты болған кезде қатты тұман болып, қоқыс полигоны жанып жатқан. "Қазавтожол" өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді.
Төтенше жағдайдың видеосы Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде жарияланды. Онда жүргізушілердің жоғары жылдамдықпен келе жатып, кейін бірден тоқтамақ болған сәтте соқтығысып қалып жатқаны естіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Қазавтожол" мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қаңтарда сағат 19.40-та болған.
"Ол аумақта тұман түсіп, қоқыс полигонынан түтін шығып, салдарынан жол мүлдем көрінбей қалған. Нәтижесінде тасжолда жеті көлік жол апатына ұшыраған.
Алдын ала мәліметке қарағанда, бастапқыда МАН көлігінің жүргізуші жоғары жылдамдықпен келе жатып, алдыңдағы көлікке барып соқтығысқан. Сосын олар қарсы жолақпен келе жатқан бес көлікпен соқтығысқан.
Үш жолаушы жарақат алған. Жол апатының мән-жайын анықталып жатыр", - деді компания өкілдері.
Алматы облысының полиция департаменті осы жағдайға қатысты ресми мәлімет дайындап жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!