©Нұрғиса Елеубеков
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Қаракемер ауылының 100 тұрғыны шекарашыларға қарсылық ретінде 8 жылқыны сойып тастады деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне сілтеме жасап. Мамандардың мәліметінше, Қордай шекара отрядына қарасты "Сортөбе" заставасының жасағы қазақ-қырғыз шекарасы арқылы жылқылардың өткенін байқайды. Әскери кезекшілік кезінде қазақстандық сарбаздар шекарадағы инженерлік қоршаудың бұзылғандығын, сол арқылы бірнеше жылқының көрші елден бері қарай өткен іздерін анықтайды. Шұғыл түрде із кесу жұмыстары ұйымдастырылады, соның нәтижесінде әлгі іздер Каракемер ауылындағы мал соятын орынға алып келеді. Із бойынша санағанда жылқылардың 15 бас екендігі анықталды. "Малды қайтару кезінде жергілікті тұрғындар қарсылық көрсетіп, жылқыларды соя бастады", - дейді Шекара қызметінің мамандары. Шекарашылар бұл туралы құқық қорғау органдарына хабар берген, оқиға орнына Қордай ауданының прокуроры келеді. Істің ақ-қарасын анықтау үшін Шекара қызметі орталық аппаратының, прокуратураның өкілдері, Қаракемер ауылының әкімі және өздерін малдың иесі санайтын адамдармен бірге әкімдікке келіп, мал есебі жүргізілетін кітапты тексерді, ал онда 2013-2014 жылдары ешқандай мал тіркелмеген болып шықты. Тексеру барысында ветеринария өкілінің жалған анықтама бергені, тіркеу жұмыстары мал иелерінің құжаттарынсыз атүсті жүргізілгендігі анықталды. Тексеру нәтижесінде аман қалған жеті бас жылқыны "Қаракемер" шекара комендатурасына әкетуге шешім қабылданды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Қаракемер ауылының 100 тұрғыны шекарашыларға қарсылық ретінде 8 жылқыны сойып тастады деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне сілтеме жасап.
Мамандардың мәліметінше, Қордай шекара отрядына қарасты "Сортөбе" заставасының жасағы қазақ-қырғыз шекарасы арқылы жылқылардың өткенін байқайды. Әскери кезекшілік кезінде қазақстандық сарбаздар шекарадағы инженерлік қоршаудың бұзылғандығын, сол арқылы бірнеше жылқының көрші елден бері қарай өткен іздерін анықтайды.
Шұғыл түрде із кесу жұмыстары ұйымдастырылады, соның нәтижесінде әлгі іздер Каракемер ауылындағы мал соятын орынға алып келеді. Із бойынша санағанда жылқылардың 15 бас екендігі анықталды.
"Малды қайтару кезінде жергілікті тұрғындар қарсылық көрсетіп, жылқыларды соя бастады", - дейді Шекара қызметінің мамандары. Шекарашылар бұл туралы құқық қорғау органдарына хабар берген, оқиға орнына Қордай ауданының прокуроры келеді.
Істің ақ-қарасын анықтау үшін Шекара қызметі орталық аппаратының, прокуратураның өкілдері, Қаракемер ауылының әкімі және өздерін малдың иесі санайтын адамдармен бірге әкімдікке келіп, мал есебі жүргізілетін кітапты тексерді, ал онда 2013-2014 жылдары ешқандай мал тіркелмеген болып шықты. Тексеру барысында ветеринария өкілінің жалған анықтама бергені, тіркеу жұмыстары мал иелерінің құжаттарынсыз атүсті жүргізілгендігі анықталды.
Тексеру нәтижесінде аман қалған жеті бас жылқыны "Қаракемер" шекара комендатурасына әкетуге шешім қабылданды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.