Түркия билігі ірі жол апатына қатысты істі тығыз уақытта тергеуге уәде берді

Түркия билігі ірі жол апатына қатысты істі тығыз уақытта тергеуге уәде берді © Іnternethaber.com

Түркия билігі қазақстандықтар зардап шеккен жол апатын тығыз уақытта тергеуге уәде берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі, Түркия азаматы көлікті басқара алмай қалған. Анкарадағы Ресей елшілігі 4 адамның қаза тапқанын хабарлады, олардың үшеуі ресейлік, ал біреуі Қазақстан азаматшасы. Жол апатынан 38 адам жарақат алды, ресейлік екі азаматтың денсаулығы ауыр жағдайда.

"Апат бола салысымен біздің қызметкерлер оқиға орнына дереу барды. Куәгерлерден жауап алынып, айғақтар жиналды. Біз тергеу амалдарын тығыз уақытта аяқтау үшін бар мүмкіндікті пайдаланамыз", - деп хабарлады агенттік.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, оқиға Астана уақыты бойынша 19.30-да Түркияның оңтүстік батысындағы Денизли қаласында болды. Автобус Памуккаледен Анталияға жүріп бара жатқан.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама