Қазақстанның туристері бар автобус Түркияда ірі жол апатына түсті

06 Тамыз 2015, 22:41
0
Қазақстанның туристері бар автобус Түркияда ірі жол апатына түсті - © haberler.com
© haberler.com

Қазақстанның, Ресейдің және Украинаның туристерін тасымалдаған туристік автобус Түркияда ірі жол апатына түсті, - деп хабарлайды РИА Новости ресурсы CNN Turk телеарнасына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасынан 4 адам қаза тауып, 38 адам жарақат алды. Апат Түркияның оңтүстік батысындағы Денизли қаласында болды.

Автобуста болған ресейлік Зинаида Богданова "Россия-24" телеарнасының эфирінде аударылған автобустың құзға түсіп кете жаздағанын айтты. "Біз терезеден құлап түстік, қаза болғандар өте көп", - деді ол. "Жаңбыр жауып өткен, жол тайғақ болды. Жүргізуші жылдамдықты асырған болуы мүмкін, тізгінге ие бола алмай қалды. Автобус тайып кетті, жүргізуші құзға құламауы үшін оны жолда ұстамақшы болды. Қолынан келді. Ол аударылып қалды, бірақ құзға құламады", - деді Богданова.

Әйелдің айтуынша, құтқарушылар мен полиция тез арада, шамамен 10 минутта келген.

Оқиға Астана уақыты бойынша 19.30-да болды. Автобус Памуккаледен Анталияға жүріп бара жатқан.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай