Түркия курортында Қазақстан азаматы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия курортында Қазақстан азаматы қайтыс болды © REUTERS

Түркия курортында Қазақстан азаматы қайтыс болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия курортында Қазақстан азаматы қайтыс болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.

"Анталияның курортты Белек ауданында 18 шілде күні Қазақстанның 1954 жылғы азаматы қайтыс болды. Анталиядағы біздің елшіліктің қызметкерлері тиісті шараларды қолға алды, қазіргі таңда мәйітті Қазақстанға жеткізуге қажетті құжаттар рәсімделіп жатыр. Біздің мәліметтер бойынша, мәйітті жеткізуге қажетті қаражатты сақтандыру агенттігі төлейді", - деп түсіндірді Жайнақов.

Оның айтуынша, мәйіт бүгін, 21 шілде күні "Анталья - Алматы" рейсімен жеткізіледі. "Медициналық қорытындыға сәйкес, азамат кардиогенді шоктан көз жұмған", - деді СІМ мамандары.

Еске сала кетейік, бұған дейін қостанайлық туристің Түркияда жол апатынан қаза тапқаны хабарланған болатын. Жол апаты 9 маусымда болды. Қазақстандық Константин Иванов досы Әлішермен бірге Памукалледен Анталияға жеңіл автокөлікпен келе жатқан. Жігіттер көліктің артқы орындығында отырыпты. Жолда автокөлік жоғары жылдамдықпен жолдың қарсы бағытында келе жатқан Mercedes автокөлігіне соғылды. 

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети