Түркістанда ер адам көлікте өртеніп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістанда ер адам көлікте өртеніп кеткен

Түркістанда жол апатынан жалындай бастаған көлікте ер адам өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістанда жол апатынан жалындай бастаған көлікте ер адам өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 4 маусымда кешкісін қалаға кіре беріс жерде болған. Audi көлігінің жүргізушісі жылдамдықты асырып, жүкі көлігінің артқы жағына соғылған. Соққыдан жеңіл көлікте өрт шыққан. Көлік салонында болған ер адам мерт болды. 

ЖКО туралы ақпаратты ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі растады. Audi маркалы көлігінде ер адам жалғыз болған. 

"Жол-көлік оқиғасы туралы хабар Түркістан ІІД-нің кезекші бөліміне түсті. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы аттанды. Бұл дерек СДТБТ-ға тіркелді", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети