Түркияда жол апатына түскен қазақстандық ес-түссіз жатыр

12 Маусым 2015, 13:51
0
Түркияда жол апатына түскен қазақстандық ес-түссіз жатыр - Константин Иванов. © kstnews.kz
Константин Иванов. © kstnews.kz

Түркияға демалуға барған Қостанай тұрғыны Константин Иванов жол апатына түсті, - деп хабарлайды "Костанайские новости".

9 маусымда Анталияның жеке емханаларының бірінде қазақстандықтың басына күрделі операция жасалды, оның ақысын туроператордың сақтандыру компаниясы төледі. Константин Иванов әлі есін жиған жоқ. Оның жағдайы аса ауыр болғандықтан Қазақстанға әкелу мүмкін болмай отыр. Түрік емханасындағы бір күннің ақысы шамамен мың доллар. Сақтандыру мерзімі 13 маусымда аяқталады. Ер адамның туыстары оның еміне қаражат керегін айтады және көмекті қазақстандықтардан сұрайды.

Айта кетейік, қазақстандықтардың шетелде жол апатына түсуі бірінші рет емес. 2011 жылы 17 жастағы қазақстандық Түркияда жол апатына ұшырап, комаға түскен болатын, ол да сол мезетте демалуға барған.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай