26 шілде 2021 09:36

Түркістан облысында 150-ден аса адам жиналған той тоқтатылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полиция қызметкерлері карантин режимін бұзып, той өткізгендерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Түркістан облысында полиция қызметкерлері карантин режимін бұзып, той өткізгендерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметі бойынша, той Қазығұрт ауданы ауылдарының біріндегі тойханада болған. Карантин режимінің сақталуын бақылау жөніндегі профилактикалық шара өткізу кезінде Қазығұрт АПБ жергілікті полиция қызметі 150-ден аса адам жиналған той өткізу дерегін анықтады.

"Тойды ұйымдастырушы мен мекеме иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша материал жиналып, жауапкершілікке тарту үшін СЭС-ке жіберілді", - делінген басылымда.

Айта кетейік, елде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты карантин енгізілгені белгілі. Соған байланысты полицейлер санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын бақылау бойынша шаралар жүргізіп жатыр. Күн сайын полиция қызметкерлері мобильді топ құрамында карантин талаптарын сақтамайтын түрлі мекеме иелерін анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартады.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға карантин мен сақтық шараларын сақтау қажетін ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына үйлену тойларын, отбасылық мерекелерді немесе басқа да іс-шараларды өткізуден, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартуға кеңес береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети