Түркістан облысында 3 жасар бала суға батып кеткен

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында 3 жасар бала суға батып кеткен pixabay.com

Түркістан облысында 3 жасар бала өзеннен өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Түркістан облысында 3 жасар бала өзеннен өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 наурызда сағат 18.00-де Түркістан облысы ТЖД 112 пультіне Бәйдібек ауданы Жоғарғы Боралдай ауылының жергілікті тұрғындары 2020 жылғы баланың денесін (құлаған жерден 1 шақырым жерде) судан алып шыққаны туралы хабарлама түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, 4 наурызда күндіз ата-анасының қарауынсыз қалған 2020 жылы туған бала суға түсуге жабдықталмаған жерде суға құлаған. Үйге жақын маңда өзен бар екен.

Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖ департаментінің, кезекші тергеу-жедел тобының қызметкерлері барған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети