1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Түркістан облысында әскери бөлімге жақын маңда өрт шықты

  • 1

Түркістан облысында әскери бөлімге жақын маңда өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"6 шілдеде 21:02-де өртке қарсы қызметтің кезекші бөліміне Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сарыағаш ауылынан 120 шақырым жерде, №2020 әскери бөлімге жақын маңда қураған шөп өртенгені хабарланған", - делінген хабарламада. 

Өрт 22:35-те ауыздықталып, 22:57-де толықтай сөндірілген. 

"Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт аумағы - 3 гектар жер. Өрт сөндіруге Түркістан облыстық ТЖД  жеке құрамының 22 маманы мен 4 арнайы техника жұмылдырылған", - деп түйіндеді ведомство өкілдері.