24 қаңтар 2022 12:32

Түркістан облысында дәретхана шұңқырына құлап кеткен бала құтқарылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Түркістан облысында құтқарушылар дәретхана шұңқырына құлап кеткен баланы құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Түркістан облысында құтқарушылар дәретхана шұңқырына құлап кеткен баланы құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 2022 жылы 23 қаңтарында болған. ТЖМ мәліметінше, "112" қызметіне Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Темірлан елді мекеніндегі үйлердің бірінде тереңдігі 4 метрлік дәретхана шұңқырына 2016 жылы туған бала құлап кеткені туралы хабарлама түкен.

"Апаттық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД-ның 5 құтқарушысы мен жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері жұмылдырылды. Құтқарушылар сағат 14:14-те шұңқырға құлап кеткен баланы арқан көмегімен шығырып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Бала дәрігердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты", - делінген хабарламада.

Сурет: ТЖМ

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети