ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қаңтар 2022 | 12:32
Түркістан облысында дәретхана шұңқырына құлап кеткен бала құтқарылды
Түркістан облысында құтқарушылар дәретхана шұңқырына құлап кеткен баланы құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында құтқарушылар дәретхана шұңқырына құлап кеткен баланы құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 2022 жылы 23 қаңтарында болған. ТЖМ мәліметінше, "112" қызметіне Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Темірлан елді мекеніндегі үйлердің бірінде тереңдігі 4 метрлік дәретхана шұңқырына 2016 жылы туған бала құлап кеткені туралы хабарлама түкен.
"Апаттық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД-ның 5 құтқарушысы мен жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері жұмылдырылды. Құтқарушылар сағат 14:14-те шұңқырға құлап кеткен баланы арқан көмегімен шығырып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Бала дәрігердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также