Түркістан облысында дәрігерді пышақтаған күдікті ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында дәрігерді пышақтаған күдікті ұсталды фото:ia-centr.ru

Түркістан облысында науқас дәрігерге шабуылдап, пышақтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Түркістан облысында науқас дәрігерге шабуылдап, пышақтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сайрам ауданының Ақсукент кентіндегі жеке клиникада пациенттердің бірі ультрадыбыстық кабинетте кезекте тұрғанда жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақтаған.

Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері 27 жастағы күдікті ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 485.61  course up  555.95  course up  6.01  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети