18 маусым 2019 | 14:10

Түркістан облысында демалуға келген жігіт қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© otyrar.kz © otyrar.kz

Түркістан облысында Біркөлік шатқалына демалуға келгендердің бірі қайтыс болды. Демалушы топта 11 адам болған, - деп хабарлайды "Отырар"


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында Біркөлік шатқалына демалуға келгендердің бірі қайтыс болды. Демалушы топта 11 адам болған, - деп хабарлайды "Отырар"

Төлеби ауданы, Алатау ауылдық округі,​ Біркөлік аумағында 15 маусымда сағат 22:00 шамасында 1994 жылғы жігіт пен 1997 жылғы қыз бала жоғалып кеткен. Бұл туралы 16 маусымда сағат 00:10-да "112" құтқару қызметінің пультіне хабарлама түскен. 

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар тәулік бойы іздеу шараларын жүргізіп,​ тек кешкі жетілер шамасында жоғалып кеткен жігіттің өлі денесін тапқан. 25 жастағы жігіт Біркөлік шатқалының тау аймағында 120 метр биіктіктен құлап,​ ағаш бұтақтарында ілініп қалған.​ ​ Жоғалған 1997 жылғы қыз шатқалдан өздігінен түскен. Қазіргі уақытта 22 жастағы​ қыз ауруханада жатыр. 

"Іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының 9 құтқарушысы, Түркістан облысы Төлеби ауданы ТЖ бөлімінің 14 қызметкері, жергілікті атқарушы органдары мен аудандық полиция бөлімінің 5 қызметкері, ҚР ҰҚК ШҚ №2041 ӘБ 4​ әскери қызметкер, 1 ит жұмылдырылған.
Шымкент қ. ТЖД жедел-құтқару жасағы тауға шығар алдында міндетті түрде​ өз маршруттарыңызды ойластырып, топты тәжірибелі инструктор алып жүргені абзал деп ескертеді.​ Тау қателерді кешірмейді!", - дейді құтқарушылар. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети