Түркістан облысында ер адам айып тұрағында тұрған көліктерді өртеп жіберген

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Түркістан облысында ер адам Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округындағы айып тұрағында тұрған көліктерді өртеп жіберді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында ер адам Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округындағы айып тұрағында тұрған көліктерді өртеп жіберді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Өрт туралы хабарлама өртке қарсы қызмет пультіне 05:55-те келіп түсті. Сегіз минуттан соң өрт сөндірушілер өртті ауыздықтай алды, ал сағат 06:38-де толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 39 көліктің сегізі толықтай өртеніп кеткен. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Қаскөйдің әрекетін тұрақ аумағында орналасқан бейнебақылау камерасы түсіріп алған. Ер адамның жеке басы анықталды. Ол Сайрам ауданы Манкент ауылының тұрғыны болып шықты, ол таяуда мас күйде және көлікті рұқсат ететін құжатсыз жүргізгені үшін ұсталған. Тәртіп бұзушы бірінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлік айып тұрағына жеткізілген. 

Түнде күдікті қоршаудан өтіп, өз автокөлігіне келіп, оны өртеп, оқиға орнынан қашып кеткен. 

Ер адам ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы, 2-бөлігі (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша жүргізіліп жатыр. Күдікті 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro