Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болды. 9 адам қаза тапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болды. 9 адам қаза тапты видео кадры

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 9 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 9 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне 17 шілдеде сағат 09:00 шамасында Шаян ауылы маңында жол апаты болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

"Облыстық маңызы бар Екпінді-Созақ тасжолы бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөліктері соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан көлік құралдары өртенген. Нәтижесінде 9 адам қаза болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартты", - деді Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен. Оқиға орнына бірден Түркістан облысы ПД басшылығы барды. Қазір ЖКО бойынша Бәйдібек АПБ полицейлері жұмыс жасап жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Бұл факт ҚР ҚК-ның 345-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети