Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты Видеодан алынған кадр

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"28 қазанда Түлкібас ауданы полициясының кезекші бөліміне Батыс Қытай - Батыс Еуропа тасжолының 651 шақырымында жол апаты болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға болған жерге полиция қызметкерлері шұғыл жетті.

Шымкент қаласының тұрғыны Renault жүк көлігімен Алматыдан Шымкентке өзімен бір бағытта жүріп келе жатқан Mazda 626 көлігінің артқы бөлігінен соққан. Mazda 626 көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде қайтыс болды", - деді Түлкібас аудандық полиция бөлімінің инспекторы Рауан Қалшораев.

Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети