Түркістан облысындағы Рабат ауылының маңында Сарыағаш - Шымкент тасжолы бойында Mazda көлігі мен SsangYong Istana микроавтобусы соқтығысты, - деп жазады Otyrar.kz.
Түркістан облысындағы Рабат ауылының маңында Сарыағаш - Шымкент тасжолы бойында Mazda көлігі мен SsangYong Istana микроавтобусы соқтығысты, - деп жазады Otyrar.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, микроавтобуста 10 адам болған, олардың төртеуі - Өзбекстан азаматы. Басылымны4 мәліметінше, ЖКО салдарынан үш адам мерт болған. Куәгерлердің айтуынша, жеңіл көлік микроавтобусқа соқтығысқаннан кейін жол шетіне ұшып кеткен.
Шымкенттің медициналық жедел жәрдем ауруханасына Қазығұрт ауданыда болған ЖКО-дан зардап шеккендер жеткізілді. Жеңіл жарақат алған төртеуіне көмек көрсетілді, олар амбулаторлық ем алады, үш адам жансақтау бөлімінде, екеуі травматология бөлімінде", - дейді МЖЖА-ның қабылдау бөлімінің меңгерушісі Алмас Байбеков.
Қазір жол апатының себебі мен оған кінәлі адам анықталып жатыр.