02 сәуір 2020 | 13:35

Түркістан облысында той жасаған тұрғын мен мейрамхана иесі жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© polisia.kz © polisia.kz

Түркістан облысында полицейлер төтенше жағдай кезінде той жасаған тұрғын мен тойхана иесіне хаттама толтырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында полицейлер төтенше жағдай кезінде той жасаған тұрғын мен тойхана иесіне хаттама толтырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерде мессенджер арқылы "Жетісай қаласында төтенше жағдайға қарамастан той болып жатыр" деген бейнежазба таралып кеткен.

Аталған оқиға бойынша Жетісай аудандық полицейлері тез арада тексеру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталып, кінәлі азаматтар анықталды.

Осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 476-бабы "Төтенше жағдай режимін бұзу" бойынша тіркеліп, тойхананың егесі мен той жасаушы тұрғынға хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданады. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 476-бабы "Төтенше жағдай режимін бұзу" бойынша тіркеліп, тойхананың иесі мен той жасаған тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданды.​​​​​​​

Сонымен қатар, Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға ескерту жасады. 

"ҚР Президентінің қаулысымен бекітілген төтенше жағдай режимін сақтаңыздар. Қажетті қауіпсіздік шараларын ұстаныңыздар. Әсіресе адам көп шоғырланатын орындарға бармай, адамдар тобының топтасуына жол бермеңіздер. Егерде аталған шектеулер мен тыйым салынған жағдайлар сақталмай, құқықбұзушылық орын алса заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылатын боласыздар! Сондықтан сақ болыңыздар, бірінші кезекте бұл сіздің денсаулығыңыздың кепілі болмақ", - деді полиция өкілдері.

Еске салайық, Түркістан облысында 5 адам коронавирус жұқтырған. Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 402 адам анықталды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети