Түркістан облысында жасырын жерасты цехы әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында жасырын жерасты цехы әшкере болды Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полицейлер үйдегі жерасты цехын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында полицейлер үйдегі жерасты цехын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру бойынша жерасты цехының қызметін тоқтатты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, жедел уәкілдер үйде заңсыз бизнес ұйымдастырған Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстаған.

"Тінту кезінде қақпақтарды өңдеуге және штамптауға арналған аппарат, 300 бөтелке мөлшеріндегі дайын алкоголь өнімі, спирт-арақ сұйықтықтарын сақтауға арналған қақпақтар мен ыдыстар тәркіленді. Шығын шамамен 360 мың теңге болады", - делінген хабарламада.

Жерасты цехы аудан аумағында үш ай бойы жұмыс істеген, ал оның иесі Түркістан облысының екі ауданының сауда орындарында өнімді заңсыз өткізіп отырған. Осы факт бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Жиналған материалдар Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне заңды шешім қабылдау үшін жолданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети