12 маусым 2021 | 15:22

Түркістан облысында жоғалған туристерді іздестіру жұмысы қалай жүріп жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында жоғалған жеті туристің екеуі әлі іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында жоғалған жеті туристің екеуі әлі іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан ТЖМ деректері бойынша, әзірше нәтиже жоқ. Барлығы 127 адам, 15 техника, 3 квадрокоптер, 3 кинологиялық есеп және 1 тікұшақ жұмылған.

Бұған дейін жоғалған үш турист құтқарылып, екеуінің денесі табылған болатын.

Еске салайық, 2021 жылы 25 мамырда Төлеби ауданының Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жеті туристің жоғалғаны туралы "112" пультіне хабарлама түсті. 21 мамырда туристер жаяу Сары-Айғыр шатқалына бет алған, олар 24 мамырда қайтуы керек еді. Алайда бірнеше күннен кейін үшеуі ғана аман-сау табылды

29 мамырда құтқарушылар екі туристің мәйітін тапты. Тағы екеуі әлі іздестіріліп жатыр. Ал 8 маусымда жоғалған туристердің заттары табылды.

Кеше, 27 мамырда Назарбаев университетінің баспасөз қызметі Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті саяхатшының алтауы ЖОО студенттері екенін хабарлаған болатын. 21 мамырда университеттің алты студенті және Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі Түркістан облысындағы тауларға 4-5 күнге жаяу саяхатқа шыққаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети