Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен туристерді іздеу үшін Eurocopter тікұшағы шықты. Бұған дейін тікұшақ ауа райының қолайсыздыған байланысты ұша алмаған еді. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағында Түркістан облысы ТЖД, ұлттық парк, әкімдік, полиция департаменті қызметкерлері, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметі жеті адамды іздестіріп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, олар 21 мамырда таңғы 8-де тауға шығып, қайтып оралмаған", - деді Сарыбаев.
Оның айтуынша, еріктілер мен құтқарушылар жаяу тәртіпте 37 шақырым таулы аймақты аралап, квадрокоптер көмегімен радиусы төрт шақырымнан аса аумақты шолып шыққан.
Фото: ТЖМ
"Алдыңғы күндері дайындалған Eurocopter тікұшағы ауа райына байланысты әуеге көтеріле алмады. Өйткені туристер жоғалып кеткен таулы жерлерде қатты қар мен жаңбыр жауды. Қазіргі уақытта тікұшақ әуеге көтеріліп, іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тікұшақ санын арттыру мәселесі қаралып жатыр", - деді Сарыбаев.
Бұған дейін Түркістан облысының құтқарушылары Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жоғалған 7 адамды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқаны хабарланған болатын. 21 мамырда туристер "Сары-Айғыр" шатқалына жаяу бет алған. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге оралуы керек болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!