Түркістан облысында мектеп оқушысын аяусыз соққыға жығу сәті видеоға түсірілген

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында мектеп оқушысын аяусыз соққыға жығу сәті видеоға түсірілген Фото: Келес Аудандық Полиция Бөлімі/facebook

Полиция қызметкерлері Түркістан облысындағы жасөспірімдердің төбелесіне қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция қызметкерлері Түркістан облысындағы жасөспірімдердің төбелесіне қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

21 қыркүйекте Келес аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 11-сынып оқушыларының төбелесіп жатқанын хабарлаған.

"Оқиға орнына Түркістан облыстық ІІД мен аудандық ішкі істер бөлімінің басшылығы дереу барды. Келес ауданындағы мектептің жоғары сыныптағы екі оқушысы өзара сөзге келген. Олардың бірі көрші мектептегі жоғары сынып оқушысын шақырып, сыныптасын соққыға жыққан. Соның салдарынан жарақат алған 11-сынып оқушысы ауруханаға түсті. Қазір ол емделіп жатыр. Оқиғаға қатысты сараптама тағайындалды", - деді аудандық полиция қызметкерлері.

Оқиға куәгерлері төбелесті видеоға түсірген. Ол әлеуметтік желіге тарап кеткен.

Ресми мәлімет бойынша, бұл дерек "Бұзақылық" бабы бойынша тіркеліп, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкрелерінің мәліметінше, бұған дейін Түркістан облысы ПД бастығының тапсырмасымен облысқа қарасты 17 ауданда полиция, әкімдік пен мектеп ұжымы жиналып, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында бірқатар іс-шарады ұйымдастырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети