31 наурыз 2019 15:16

Түркістан облысында полицей мен бұзақының жанжалы видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram.com желісіндегі видеодан үзінді Instagram.com желісіндегі видеодан үзінді

Түркістан облысында полицей мен бұзақының жанжалы видеоға түсірілді. Полиция өкілдері видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Түркістан облысында полицей мен бұзақының жанжалы видеоға түсірілді. Полиция өкілдері видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде полицейдің біреумен жанжалдасқан видеосы жарияланды. Полиция баспасөз қызметінің өкілдері оқиғаның былтыр болғанын мәлімдеді. 

 "Осы дерекке қатысты түсіндіре кетейік, бұл оқиға 2018 жылы мамырда Кентау қаласында болған. Қазіргі уақытта Түркістан облыстық ПД өкілдері қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. Айта кетейік, видеода көрсетілген азамат - залым қаскөй болып табылады және сол күні полицейлер туыстарының арызы бойынша келген", - деді полиция өкілдері. 

Алайда, құқық қорғау органдары өкілдерінің мәліметінше, олар полицейдің әрекетін еш құптамайды екен. "Тексеру нәтижесінде қызметкер қатаң тәртіптік жазаға тартылады", - деп қорытындылады Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети