Түркістан облысында полицейлердің жүргізушіні қуған сәті видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында Lexus көлігін қуған полицейлер видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында Lexus көлігін қуған полицейлер видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлер мәліметінше, оқиға 12 қарашада Сайрам ауданында болған. Әлеуметтік желідегі кадрларда тәртіп сақшылары талабына бағынбай, қашпақ болған жүргізушінің қызметтік көлікпен соқтығысқанын көруге болады.

Назар аударыңыз, видеода былапыт сөздер айтылады!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

"Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ, көліктерге материалдық залал келді. Бұл дерек Сайрам аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Сараптама тағайындалды. Қорытындыға сәйкес, Lexus жүргізушісі көлікті мас күйінде басқарған", - деді Түркістан облысының Полиция департаменті өкілдері.

Құқықбұзушыға қатысты үш әкімшілік хаттама толтырылды – төтенше жағдай туғызғаны, көлікті мас күйінде басқарғаны және полиция қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны үшін.

Құқық қорғау органдары іс материалдарын сотқа жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети