Түркістан облысында тауларда біп топ оқушыдан қалып қойған бала өлі табылды. Түркістан облысы Төле би ауданында адасып кеткен балаларды іздестіру бойынша құтқару операциясы жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркістан облысында тауларда біп топ оқушыдан қалып қойған бала өлі табылды. Түркістан облысы Төле би ауданында адасып кеткен балаларды іздестіру бойынша құтқару операциясы жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
15 маусымда күндізгі уақытта Түркістан облысы Төле би ауданы Біркөлік ауылынан бес шақырым жерде 25 адам бар топ тауға шыққан. 3 ересек пен 22 оқушы. 9 оқушы мен тәрбиеш таудан өз бетінше түскен, үш оқушы болса адасып кеткен.
Сағат 22.48-де тәрбиеші таудан түскен соң 112 нөміріне осы жағдай туралы хабарлаған.
"Сағат 23.00-ден бастап Шымкент ТЖД Жедел-құтқару жасағының (алты қызметкер мен бір дана техника), Түркістан облысының ТЖД (10 қызметкер мен үш дана техника), жедел медициналық жәрдем бригадасы (бес қызметкер мен бір дана техника), полиция бөлімі (екі адам мен бір дан техника) күштері іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр, барлығы 23 адам мен бес техника жұмылды", - делінген хабарламада.
16 маусымда сағат 00.58-де Шымкент қаласы ТЖД ЖҚЖ іздестіру тобы 2003 жылы туған жасөспірімнің денесін тауып, денесін түсіріп, полицияға тапсырған.
Сол күні сағат 11.00-де құтқарушылар тауда екі оқушыны тапты. Құтқарушылардың айтуынша, оларда ұялы телефон болған.
ТЖК мәліметінше, тауға тек 9 оқушы мен тәрбиеші шыққан.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!