22 наурыз 2020 | 12:03

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде беташар жасаған тұрғын жазаланды

© otyrar.kz

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде беташар тойын жасаған тұрғынға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде беташар тойын жасаған тұрғынға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде күндізгі және түнгі рейд жұмыстарын жүргізген. Кезекті рейд барысында Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы Жаңаауыл әкімшілігіне қарасты ауылдардың бірінде тұрғын-үйінің ауласында келін түсіріп, беташар тойын жасап, туыстарын жинаған тұрғын анықталған. 

Реклама
Реклама

Қазақстан Республикасы Президентінің 15.03.2020 жылғы Жарлығының талаптарын өрескел бұзған тұрғынға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы "Төтенше жағдай режимiн бұзу" бойынша хаттама толтырылып, аудандық соттың қаулысымен кінәлі деп танылып, айыппұл салынған.

Төтенше жағдай кезінде той жасаған түркістандық жазаланды

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай жариялады.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында  2020  жылғы  16  наурыздағы 08  сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілсін", - деді Президент.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная