18 наурыз 2020 10:52

Төтенше жағдай кезінде той жасаған түркістандық жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Төтенше жағдай кезінде той жасаған түркістандық жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Төтенше жағдай кезінде той жасаған түркістандық жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

17 наурызда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде үйінің ауласында белгісіз тұлғаның адамдардың басын қосып, той жасап жатқан бейнежазбасы таралды. Бұл дерек бойынша Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларын қабылдады. 

Полицейлердің айтуынша, оқиға 16 наурызда түнгі уақытта Түркістан қаласындағы мөлтек аудандардың бірінде болған.

"Қалалық полицейлер төтенше жағдай режимін бұзып, жиын өткізгені үшін той иесіне қатысты ҚР Әкімшілік - құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты ведомство өкілдері заңға бағыну керегін ескертеді. Төтенше жағдай кезінде жиын, басқосуларды ұйымдастырмай, мүмкіндігінше сақтық шараларын жасап, денсаулыққа мән беру қажет екенін айтады.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети