ПОДЕЛИТЬСЯ
26 тамыз 2020 | 13:01
Түркістан облысындағы жол апаты: жолаушылар жансақтау бөлімінде жатыр
Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасындағылар жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасындағылар жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"25 адам көмекке жүгінді, сегіз адам Сайрам аудандық ауруханасына жатқызылды. Үшеуі жансақтау бөлімінде, екеуі облыстық клиникалық ауруханаға жіберілді. Тағы үшеуі облыстық балалар ауруханасына түсті. Бәрінің жағдайы тұрақты, олар дәрігерлердің бақылауында", - деді Сайрам аудандық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Төлеген Құралбаев.
Еске салайық, мұның алдында Түркістан облысында 21 адам отырған жолаушылар автобусының аударылып кеткені хабарланған болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также