26 тамыз 2020 10:20

Түркістан облысында автобус аударылып, 21 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында 21 адам отырған жолаушылар автобусы аударылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысында 21 адам отырған жолаушылар автобусы аударылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция осы жағдайға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

"26 тамызда сағат 6.30 шамасында Түлкібас АІІБ кезекші бөліміне ауруханадан Алматы-Ташкент-Термез тасжолының 649-шақырымында жолаушылар автобусының аударылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жол-көлік оқиғасы болған жерге Түлкібас АІІБ жедел-тергеу тобы мен Түркістан облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері келіп, облыстық ТЖД қызметкерлері де келді. Полиция қызметкерлері мен ТЖ қызметкерлері жолаушыларға аударылған автобустан шығуға көмектесті, оларға сол жерде психологиялық және басқа да қажетті қолдау көрсетті", - делінген хабарламада.

Салонда болған екі адам - жүргізуші мен жолаушы ауруханаға жатқызылған. Қалған 19 жолаушы, оның ішінде екі жүкті әйел медициналық көмек алу үшін Сайрам, Түлкібас аудандары мен Шымкент қаласының ауруханаларына жеткізілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ауа райының қолайсыздығы салдарынан жүргізуші көлік тізгінін басқара алмаған.


"Қазіргі уақытта оқиға орнында облыстық полиция департаментінің анықтаушылары жұмыс істеп жатыр. Бұл дерек Түлкібас АІІБ-не тіркелді. ҚР ҚК 345-бабы "Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу"бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады", - деді полицейлер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети