Түркістан облысындағы өрттен қойшы қаза тауып, мыңнан аса қой қырылды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысындағы өрттен қойшы қаза тауып, мыңнан аса қой қырылды

Түркістан облысындағы өрттен қойшы қаза тауып, мыңнан аса қой қырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Бәйдібек ауданы Алғабас ауылынан бес шақырым жердегі шаруа қожалығы аумағындағы мал ұстайтын екі қабатты ғимараттан өрт шыққан. Хабарлама 101-ге 31 қаңтарда сағат 7.15-те түскен.

Ғимараттың бірінші қабатында ұсақ мал ұсталса, екінші қабатында шөп сақталған. Фермадан жақын маңдағы өрт сөндіру бекетіне дейінгі аралық 40 шақырым болады. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жеткен.

Салдарынан 1150 бас қой мен 150 тонна сығымдалған шөп өртеніп кетті. Оқиға орнынан шопанның денесі табылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт 09.37-де оқшауланып, 10.23-те ауыздықталған. Өрт аумағы 781 шаршы метр болады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт сөндіруге Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 15 өрт сөндірушісі мен 4 бөлімшесі жұмылдырылды.

 ҚР ТЖМ

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети