ПОДЕЛИТЬСЯ
10 сәуір 2020 | 13:42
Түркістанда блокбекетте мас жүргізуші полицейді ұрып-соққан
Түркістанда блокбекетте мас жүргізуші полицейді ұрып-соққан, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістанда блокбекетте мас жүргізуші полицейді ұрып-соққан, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Кезекті жұмыс күні Мақтаарал ауданы Атакент кентіне қойылған блокбекетінде өз қызметтiк мiндетiн атқарып тұрған полиция қызметкеріне жергілікті тұрғын мас халде келіп, полиция қызметкерінің тыйым салынған аумаққа кіруге болмайтындығы туралы ескерткеніне құлақ аспаған. Аталған тұрғын тәртіп сақшысының заңды талабына бағынбаушылық танытып, көпшіліктің көзінше жария түрде, ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып қорлаған және қызметтік міндетін атқарып тұрғанына қарамастан кеуде тұсынан қолымен ұрып-соғып, дене жарақатын салған", - делінген хабарламада.
Бұл жағдай, полицейлердің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тұрғын қамауға алынды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также