10 сәуір 2020 13:42

Түркістанда блокбекетте мас жүргізуші полицейді ұрып-соққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Түркістанда блокбекетте мас жүргізуші полицейді ұрып-соққан, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Түркістанда блокбекетте мас жүргізуші полицейді ұрып-соққан, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Кезекті жұмыс күні Мақтаарал ауданы Атакент кентіне қойылған блокбекетінде өз қызметтiк мiндетiн атқарып тұрған полиция қызметкеріне жергілікті тұрғын мас халде келіп, полиция қызметкерінің тыйым салынған аумаққа кіруге болмайтындығы туралы ескерткеніне құлақ аспаған. Аталған тұрғын тәртіп сақшысының заңды талабына бағынбаушылық танытып, көпшіліктің көзінше жария түрде, ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып қорлаған және қызметтік міндетін атқарып тұрғанына қарамастан кеуде тұсынан қолымен ұрып-соғып, дене жарақатын салған", - делінген хабарламада.

Бұл жағдай, полицейлердің мәліметінше,  сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тұрғын қамауға алынды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети