02 сәуір 2018 13:08

Түрмедегі туыстарына есірткі тасу жағдайлары көбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © prweb.com Иллюстрациялық сурет © prweb.com

Елімізде биыл бас бостандығынан айыру орындарына есірткі кіргізудің бірнеше дерегі тіркелген. Бұл туралы ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Елімізде биыл бас бостандығынан айыру орындарына есірткі кіргізудің бірнеше дерегі тіркелген. Бұл туралы ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, тыйым салынған заттардың 90 пайызы режимдік мекемелердің кіреберісінде тәркіленіп жатады. Ал осындай заңсыз әрекеттер баратын өңірлер арасында ШҚО, БҚО, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары көш бастап тұр екен. 

"Алматы облысында орналасқан ЛА-155/14 мекемесінде жазасын өтейтін азаматқа келген сотталғанның жақын туыстары сәлемдеме арқылы қулық тәсілмен есірткі бермек болған жерінен ұсталады. Бірнеше целлофан қалтаға мұқият оралған орамалар қырынуға арналған құтының ішіне салынған. Сот-химиялық сараптама тәркіленген заттың 40 грамм болатын гашиш екенін анықтады. Сонымен қатар, жақында аталған мекеменің іргелес аумағын патрульдеу кезінде сотталған ағасына 110 грамм гашишті негізгі қоршау арқылы өткізбек болған азамат құрықталды. Ал Ақтау қаласының тұрғыны Атырау қаласы УГ-157/9 мекемесінде есірткі заттарын таратқаны үшін жазасын өтеп жатқан сотталғанға бандероль жібереді. Бандерольді тексеру барысында ҚАЖ қызметкерлері аяқ киімді тазалауға арналған түтіктен оралған заттарды алып, сараптама оның гашиш есірткісі екенін анықтайды. Маңғыстау облысындағы ГМ-172/6 түзеу колониясының қызметкерлері мекемеге іргелес жатқан аумақтарды тексеру барысында мекеменің аумағына 130 гр марихуана затын өткізбек болған жерінен ұсталды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017 жылы осындай әрекеттер үшін сотталғандардың туыстары мен жақындары қатарынан 30 адама, ал 2018 жылы бір тоқсанда ғана мұндай заңсыз әрекетке 39 адам барған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети