17 ақпан 2021 16:26

Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қарсы белсенді бұрын кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін сотталған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына қарсы белсенділердің бірі бұрын кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін сотталған. Ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық соты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына қарсы белсенділердің бірі бұрын кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін сотталған. Ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық соты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заңгер Мадияр Әлжаппаров - балалар мен әйелдерді қорғау жөніндегі заң жобаларына қарсы белсенділердің бірі. Әлеуметтік желілерде оның 2010 жылы кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін сотталып, жеті жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы ақпарат пайда болды.

"Жақында Қазақстанның дәстүрін, мәдениетін және тәуелсіздігін сақтау жолында жүрген Анатолий Ким Instagram-парақшасында өзіне сыйлаған қамшының суретін жариялап, жазба сипаттамасында madiyar_advokat-парақшасын белгіледі. Бірақ ол тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қарсы белсенді "Мадияр-адвокаттың" екі рет зорлау дерегімен сотталған бұрынғы құқық қорғау қызметкері екенін жазбапты. Оның құрбандарының бірі - кәмелетке де толмаған",-деп жазды "Ветер левого берега" Telegram-арнасы. 

Нұр-Сұлтан қалалық соты Мадияр Әлжаппаров зорлау және зорлық-зомбылық әрекеттері үшін сотталғанын растады.

"Альжаппаров Мадияр Аймурзаұлы 2010 жылғы шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталды. Оған ҚК-ның 120-бабы 2-бөлігінің "б", "г", "д" тармағында және 121-бабы 2-бөлігінің "б", "г", "д" тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылған", - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Кейін 44 жастағы Мадияр Әлжаппаров Instagram-парақшасында оқиға туралы түсінік берді. Қорғаушының айтуынша, қазіргі уақытта ол сотталмаған және өзін ол қылмысқа кінәлі деп санамайды.

"Заңды талқылаудан жеке басқа ауыспаңыздар. Қазіргі уақытта сотталмағанмын. Мен мұндай әділетсіздікке тап болған бірінші адам емеспін. Бұл іске қатысым жоқ. Бірақ мен өзімді жәбірленуші ретінде көрсеткім келмейді. Елде әділетсіздік болмауы үшін қолымнан келгенің бәрін жасаймын. Мен ешкімнен жасырынбаймын, фамилиямды өзгертпедім, елден қашпадым, балаларымды туған жерімде тәрбиелеймін. Ата-бабаларымыз айтқандай "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол".

...Ұсынылған түзетулер біздің азаматтарымыз бен олардың баласының болашағы үшін, жалпы қоғамымыз үшін зиян деп есептейміз. Себебі балаларды туған және тәрбиеленіп жатқан отбасынан күдік зорлық-зомбылық туралы хабарлама түскеніне бола учаскелік инспектор қалауымен алып кету қалыпты жағдай емес, олардың көбі сыбайлас жемқорлыққа бейім екенін де ескеру керек",- деп жазды ол.

 Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети