05 шілде 2017 | 16:07

Түйелер ырыққа көнбеген соң ұрдық - Даулы видеодағы керуеннің ұйымдастырушылары

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Жамбыл облысының билігі Балқаштағы түйелерді ұруға қатысты видеоға түсінік берді. Бұл Астанадағы EXPO-2017 көрмесіне 20 мамырда Тараздан шыққан керуен болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысының билігі Балқаштағы түйелерді ұруға қатысты видеоға түсінік берді. Бұл Астанадағы EXPO-2017 көрмесіне 20 мамырда Тараздан шыққан керуен болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осы керуенге біз жауаптымыз. Бұл шілденің үшінде болған."Көне Тараздан - асқақ Астанаға" атты экспедициялық керуенмен Тараз бен Астана арасындағы елді мекендерге барып түсірілім жасаймыз. Сол керуенге арнайы алдырылған түйелер. Сол күні түнде түсірілімнен кейін түйелерді жуындырып, Қарағандыға жолға арнайы көлікке салып жөнелту керек болған. Сол кезде түнде түйелер ырыққа көнбей жан жаққа бытырай берген. Оның үстіне біреуі жоғалып кетіп табылды. Сөйтіп жүргенде сол керуеннің құрамындағы түйелердің иелері оларды көлікке айдап мінгізген. Түнге қарай олар асау болады. Оларды басқалай көлікке тиеу мүмкін емес еді", - дейді Жамбыл облысының халық шығармашылығы орталығының баспасөз хатшысы Арайлы Жақсылық.

Еске алайық, Балқашта куәгерлер малшылардың түйелерді сабау дерегін видеоға түсіріп алған болатын. Видеода малдарды көлікке айдап, таяқтап, басынан бөтелкемен ұрып жатқан. Осыған байланысты пікір білдірушілер екіге бөлінді. Біреулер жануарларға обал білдіріп жатса, екінші тарап түйелер басқаша иелеріне көнбейтінін айтады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети