"Тыңда!" Бозымбаев митинг кезінде неге былапыт сөз айтқанын түсіндірді

"Тыңда!" Бозымбаев митинг кезінде неге былапыт сөз айтқанын түсіндірді Видео кадры

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев журналистерге брифинг барысында 4 қаңтарда Талдықорғандағы алаңда неліктен былапыт сөз айтып жібергенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев журналистерге брифинг барысында 4 қаңтарда Талдықорғандағы алаңда неліктен былапыт сөз айтып жібергенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бозымбаевтың сөзінше, сол күні айтылған сөз барлық адамға арналмаған, аймақ басшысын арандатып жібергендерге айтылған сөз. 

"Халық бір, бір жарым сағат көлемінде талаптарын айтты, ал мен сөйлей бастаған кезде бір-екі жігіт - арандатушылар айғайлай бастады. Мен ашуланып, біреуіне айғайлап жібердім", - дейді ол. 

Облыс басшысы бірден микрофонды алып, халықтан кешірім сұрағанын айтады. Бозымбаевтың сөзінше, "халық оны 100 пайыз кешірген". 

"Мен де неше түрлі сөз естідім. Сондықтан бұл жерден үлкен проблема шығарудың қажеті жоқ. Ол ісіме өкінбеймін. Бастысы 4 қаңтарда қантөгіс болмады. Мен сөйледім, айғайлап та алдым, маған да айғайлады, бәрін түсіндірдім, Мәдениет сарайына апарып техника бердім, олармен бір суды іштім, құшақтастық. Бастысы - ешкім полициямен жаға жыртыспады, қантөгіс болмады. Ал басқа нәрсеге назар аудармадым", - деді Бозымбаев.    

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети