ТЖД Алматы облысында бөгетті су бұзғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖД Алматы облысында бөгетті су бұзғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды Оқиға орнынан фото. ©Tengrinews.kz

Алматы облысының ТЖД Талғар ауданында су бөгетті бұзып кетті деген ақпаратты жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аталған ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының ТЖД Талғар ауданында су бөгетті бұзып кетті деген ақпаратты жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аталған ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәлімдеуінше, таудағы мұздықтардан еріген су өзенге ағып келіп, қосылады. Ал бөгет бүтін, су сол арқылы ағып өтіп жатқан көрінеді.

Алайда, ТЖД жағдайды түсіндіре отырып, бөгеттің бұзылғанын жоққа шығарған жоқ әрі тілшінің сұрағына: "Су бөгетті бұзып кетті, ондай бар ма?" деп таңдана жауап берген.

Одан соң бөгеттің қашан бұзылғаны туралы сұраққа баспасөз қызметі "шамамен 13.00-де" деп жауап берген болатын. Бұдан бөлек ТЖД судың ағысы секундына 40 текше метр екендігін де айтқан еді.

Сондай-ақ, ведомства табиғаттың астан-кестен өзгерісі жергілікті тұрғындарға қауіп төндірмейтіндігін, өйткені ол ауданда балалар лагерінен басқа тұрғын үйлер жоқ екендігін, бірақ судың балалар үйіне жетпегендігін мәлімдеген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети