“Уақытша қоршау“: Алматы метросы сынға жауап берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматыдағы метро бекеттеріндегі қауіпсіздік қоршаулары жұрттың сынына қалды. Бұл қоршаулар былтыр зағип жан құлап кеткеннен кейін қойыла бастаған болатын. Алматы метрополитені өкілдері сынға қалған қоршауларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz мәліметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы метро бекеттеріндегі қауіпсіздік қоршаулары жұрттың сынына қалды. Бұл қоршаулар былтыр зағип жан құлап кеткеннен кейін қойыла бастаған болатын. Алматы метрополитені өкілдері сынға қалған қоршауларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz мәліметіне сілтеме жасап.

Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл - уақытша қоршаулар, олар вагондардың арасындағы кеңістікті шектеу үшін орнатылған.

Мәліметке сүйенсек, қауіпсіздік қоршаулары метрополитеннің өз есебінен орнатылған, "бюджет қаражаты бөлінбейді", - деп сендірді жауаптылар.

"Бұл - жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған уақытша шешім, ол тұрақты платформалық есіктер (screen doors) орнатылғанға дейін қолданылады", - деп жазылған хабарламада.

Қазір вагондар арасындағы уақытша бөлу конструкцияларын монтаждау жұмыстары жалғасып жатқаны белгілі болды.

Алматы метрополитенінің директоры Алмасбек Орынбековтің айтуынша, алдымен тот баспайтын жылтыр металдан жасалған тіректер орнатылады, кейін оларға соққыға төзімді шыныдан жасалған қоршаулар бекітіледі. Бұл жұмыстар жақында аяқталады деп жоспарланып отыр.

"Автоматтандырылған платформалық қоршауларды орнату ұзақ уақытты қажет етеді, өйткені ол үшін жобалау, техникалық-экономикалық негіздеме, қаржыландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу қажет. Сондықтан жолаушылардың қауіпсіздігі үшін уақытша металл қоршаулар орнатылып жатыр", - деп сөзін түйіндеді Алмасбек Орынбеков.

Еске салайық, 2024 жылы 10 желтоқсанда Алматыдағы метрода бір адам рельске түсіп, қайтыс болды. Кейін "Абай" бекеті уақытша жабылды. Куәгер метродағы қайғылы жағдай туралы айтты.

Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан Алматыдағы метро бекетінде болған қайғылы оқиға туралы айтып, жағдай жасалмағанын жеткізді.

2025 жылы Алматыда метро бекетіндегі қайғылы оқиғадан кейін қоршаулар қойыла бастады. Кейінірек бұл қоршаулар әлеуметтік желіде жұрттың сынына қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 499.94  course up  521.39  course up  5.64  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro