ҰҚК мен ІІМ арнайы операциясы: алматылық "үнді" қарасорасын өсірген

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы облысының Балқаш ауданында дрондар көмегімен құрамында есірткі бар қарасора егілген плантация анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының Балқаш ауданында дрондар көмегімен құрамында есірткі бар қарасора егілген плантация анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы тұрғыны шалғайдағы бір гектар жерде "үнді" қарасорасын өсіргені белгілі болды. Плантацияны анықтағаннан кейін полицейлер бірден бес тоннадан аса есірткі қарасорасын жойды.

"Өсімдіктерді жою бірнеше күнге созылды. Нәтижесінде қарасора алқабындағы өнімнің жалпы салмағы 10 тоннадан асты. ІІМ мәліметінше, қылмыскерлер көп жағдайда үнді қарасорасының сортын оның жоғары есірткілік деңгейі мен бұтасының үлкен көлеміне байланысты таңдайды. Мұндай өсімдіктің сабағы төрт метрге жетіп, салмағы бір килограмнан асады", - делінген хабарламада.

Аталмыш қылмысқа қатысы бар күдікті құрықталған. Оған қатысты құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіргені үшін Қылмыстық кодекстің 300-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жаза сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Осы факт бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети