"Үкімге шағымданамыз". Ресейде сотталған қазақстандық блогердің адвокаты пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры/©РИА Новости Видео кадры/©РИА Новости

Мәскеуде 3,5 жылға сотталған қазақстандық блогер Айдын Түсіповтің адвокаты сот үкіміне шағымданатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәскеуде 3,5 жылға сотталған қазақстандық блогер Айдын Түсіповтің адвокаты сот үкіміне шағымданатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Адвокат Сурен Аванесян сот шешімі әділетсіз деп санайды.

"Біз міндетті түрде үкімге шағымданамыз. Менің білуімше, бұл жазаны жеңілдететін мән-жай көп бола тұра берілген ең ауыр жаза. Біріншіден, бұл - жәбірленушіге келтірілген зиянды толық өтеу. Жәбірленуші қатаң жазаламауды өтінді. Клиентім қайырымдылықпен айналысады. Бұған дейін ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Барлық жерде ол туралы жақсы пікір қалыптасқан. Оның науқас қарт ата-анасы бар. Осы мән-жайдың бәрін ескере отырып, сот осындай ауыр жаза қабылдады", - деді Сурен Аванесян Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Адвокат жәбірленуші тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы бастама көтергенін айтты.

"Өкінішке қарай, бапта рұқсат жоқ. Онда жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Қылмыстық істі тараптардың татуласуына байланысты тоқтату бап бойынша ең жоғары жаза бес жылдан аспайтын болса ғана мүмкін болады. Оқиға болған уақыттан бері жаза толық көлемде өтелді деп есептейміз. Жәбірленушінің талабы жоқ, оның шығыны толық көлемде өтелді", - деп қосты Аванесян.

Адвокаттың айтуынша, Айдын Түсіпов 8 ай бойы үйқамақта болған.

"Бұл да өте маңызды шектеу. Адамның ойлануға, түсінуге уақыты болды. Оның үстіне, ол шынымен, әрекетінің салдарын түсінді. Сондықтан менің ойымша, қатаң жаза қолданудың қажеті шамалы еді", - деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Мәскеуде қазақстандық пранкерлер 3,5 жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro