Ұлттық ұландағылар СҚО-да "курсанттар жаппай уланды" деген мәліметке қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық ұландағылар СҚО-да "курсанттар жаппай уланды" деген мәліметке қатысты пікір білдірді © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық ұлан өкілдері Петропавлдағы Әскери институтта курсанттардың жаппай уланғаны жайлы мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық ұлан өкілдері Петропавлдағы Әскери институтта курсанттардың жаппай уланғаны жайлы мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқырмандар Tengrinews.kz тілшісіне осы институттың асханасында 54 курсанттың уланып, қалалық ауруханаға жеткізілгенін айтты.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметіндегілер редакция жолдаған сауалхатта 25 қарашаға қараған түні 62 курсанттың жүрегі айнып, шағымданғанын хабарлады. Диагнозды растау мақсатында төрт студент қалалық № 1 аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген. Оларға тағам токсикоинфекциясы деген диагноз қойылған. Қалған студенттер оқуын жалғастырған.

"Бастапқыда студенттер Әскери институттың асханасында тамақтанып, уланды деген нұсқа айтылды. Бірақ сараптама нәтижесі бойынша ол нұсқа расталмады. 300 курсант пен асхананың 21 қызметкерінен жұқпалы аурулар тудыратын қоздырғыш анықталмады. Курстанттар уланып қалды деген күні демалыс болды, медициналық көмекке жүгінген 62 курсанттың 12-сі сыртта тамақтанған. Бұл олардың Әскери институттан тыс жерде уланып қалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Ұлттық ұландағылар осы дерек бойынша қызметтік тергеу басталғанын айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети