"Ұлын құтқармақ болды". Туыстары Қызылордада қайтыс болған ер адам туралы айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қызылордада бала қоғамдық көліктің алдына жүгіріп шыққан уақытта әкесі сәбиін құтқарып қалып, өзі қайтыс болған ер адамның туыстары оның қандай адам екені туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада бала қоғамдық көліктің алдына жүгіріп шыққан уақытта әкесі сәбиін құтқарып қалып, өзі қайтыс болған ер адамның туыстары оның қандай адам екені туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Самат Жалғасбаевтың жасы 30-да болған. Ол Қызылордада дүниеге келген және таяуда ғана туған күнін тойлаған. Алматыда аграрлық колледжді тәмамадаған ол үш жыл бойы депода машинистің көмекшісі болып қызмет еткен, кейін өзі темір жол құрамдарын басқарған. 2019 жылы басшылық оның еңбегін елеп, Саматты елордаға шақырып, марапаттаған. 

Желіде оқиғаның видеосы жарияланды. 

Туыстары оны сабырлы әрі ұстамды ер адам ретінде және кез келген жұмысқа кірісе беретін адам ретінде біледі. 

"Ол еңбекқор адам еді, кез келген нәрсені жөндей алатын. Интернеттен көріп алып, өзі-ақ отбасы мен үйі үшін ретке келтіріп, қолынан келмейтіні жоқ бала болып өсті", - деді Саматтың туысы Көптілеу Қосбармақов. 

Самат 2011 жылы үйленген. Жары екеуі екі бала тәрбиелеп отырған: Заңғар мен Сұңғат. Сол күні жол апаты салдарынан Заңғар да зардап шеккен - ол 4,5 жаста.

"Қазір ол ауруханада жатыр. Жағдайы жақсарып келеді. Есін жиды, қозғала бастады, өздігінен тамақ іше алады", - дейді Көптілеу. 

Самат Жалғасбаев 17 қазанда қайтыс болды. Ол жолға жүгіріп шыққан өзінің кішкентай баласын құтқармақ болған. Әкесі баласын жауып қалған, алайда соққы салдарынан өзі қайтыс болған. 

Заңғар комаға түсті және жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы жақсарып келеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro