Ұлытау облысында қалыңдығын өлтіріп, оның туыстарының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған Қаражал тұрғынының жазасы қатаңдатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлытау облысында қалыңдығын өлтіріп, оның туыстарының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған Қаражал тұрғынының жазасы қатаңдатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот ісі материалдарына сәйкес, ер адам Қаражал қаласында бірге тұрған қалыңдығын бірнеше рет соққыға жыққан. Бір күні қыз туыстарына хабарласып, басына түскен ауыр жағдайды айтып берген. Туыстары оны алып кетуге келген, алайда ер адам олардың кетуіне мүмкіндік бермеген. Ол жолда олардың көлігін қуып жетіп, көлікті бірнеше рет соққан, соның салдарынан жеңіл көлік жолдан шығып, аударылып кеткен. Апат салдарынан қыз қаза тауып, оның туыстары жарақат алған.
Биыл наурызда ер адам "Адам өлтіру" және "Адам өлтіруге оқталу" баптары бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырылған.
Бұл жазаға келіспеген ол апелляцияға шағым түсіріп, қылмысты "Жол қозғалысы ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкелу" бабына ауыстыруды сұрады.
Сонымен қатар, прокурор да сотталушыға тағайындалған жазаны қатаңдатуды сұрап, өтініш білдірген.
"Апелляциялық алқа прокурордың өтінішін қанағаттандырып, 12 жылдық жаза мерзімін 16 жылға ауыстырды. Ал сотталушының өтініші қараусыз қалдырылды", – деп хабарлады Ұлытау облысы сотының баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!