Үндістандағы үйлену тойында 13 әйел құдыққа құлап, мерт болды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістандағы үйлену тойында 13 әйел құдыққа құлап, мерт болды

Үндістанның солтүстігіндегі үйлену тойында 13 әйел кенет құдыққа құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанның солтүстігіндегі үйлену тойында 13 әйел кенет құдыққа құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, әйелдер халық көп тұратын Уттар-Прадештегі Кушинагар ауданындағы үйлену тойына барған. Шараға қатысушылар дұға ету үшін ғимарат маңына жиналған. Олар құдықты жауып тұрған темірге отырған. Кенет олардың салмағы басып кетіп, бәрі ішіне қарай құлап кеткен.

Ер адамдар зардап шеккендерге көмектесуге тырысқан. Құтқарушылар кем дегенде 16 әйелді алып шыққан, бірақ үш әйел ғана аман қалған. Полиция қызметкерінің айтуынша, оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 20.30 шамасында болған.

Аудан басшысы Кушинагара Раджалингам құдықтың ескі екенін және темірде отырғандардың салмағын көтермегенін айтты.

"Құрбандар төменге құлап кетті", - деді Раджалингам.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Twitter-де марқұмдардың отбасыларына көңіл айтты.

"Қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Жергілікті әкімшілік барлық жағынан көмек көрсетуге дайын", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети