Шығыс Қазақстанда 29 жастағы ер адам оқушыға тап берді, - деп хабарлайды YK-news.kz. Балаға тап берген Үржар ауылының тұрғыны шизофрениямен ауыратыны белгілі болды.
Шығыс Қазақстанда 29 жастағы ер адам оқушыға тап берді, - деп хабарлайды YK-news.kz. Балаға тап берген Үржар ауылының тұрғыны шизофрениямен ауыратыны белгілі болды.
Порталдың мәліметінше, ер адам жергілікті мектептің жетінші сыныбында оқитын баланың басынан себепсіз ұрып, қашып кеткен. Жасөспірім жеңіл жарақат алды, ал күдіктіні полицейлер ұстап, "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда кейін ол істің жабылғаны анықталды.
"Ер адамның шизофрениямен ауыратыны белгілі болды және ол екінші топтағы мүгедек. Оған қатысты қозғалған қылмыстық іс жабылды. Аудандық соттың шешімімен ер адам психиатриялық емханаға еріксіз емделуге жіберілді", - делінген жарияланымда.