Үшаралда 7 адам иіс тиіп уланды: Бір адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үшаралда 7 адам иіс тиіп уланды: Бір адам қайтыс болды

Үшаралда жеке үйде жеті адам иіс тиіп, уланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үшаралда жеке үйде жеті адам иіс тиіп, уланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бір адам қайтыс болды, алтауы ауруханаға жеткізілді. 

 "2 наурызда таңертең Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында жеке тұрғын үйде отынмен жылытылатын пештің ақаулығына байланысты 7 адам, оның ішінде 2013 және 2018 жылдары туылған екі бала иіс тиіп уланды. Жедел жәрдем каретасында 1962 жылғы ер адам көз жұмды, қалған 6 адам ауруханаға жеткізілді", - делінген ТЖ комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері тұрғындарды жылыту пештерін пайдалану ережелерін сақтауға шақырады, оларды сақтамау улы газбен улануға әкеп соғуы мүмкін.

"Пешпен жылытуды пайдалану кезінде мындай нәрсеге жол берілмеуі керек:

1) жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру;

2) жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды өрт алдында орналастыруға;

3) қатты отынмен пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдану;

4) пештерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда көзделмеген жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдануға;

5) үй-жайларда адамдар жаппай болатын іс-шаралар кезінде пешті жағу;

6) пешті пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда белгіленген уақыттан артық жағу;

7) жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пештің және түтін мұржасының бетінен 0,5 метрден кем қашықтықта кептіруге болмайды".

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети