Әжетханадағы улы газдар салдарынан Өзбекстанның үш тұрғыны көз жұмды. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы ТЖМ мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әжетханадағы улы газдар салдарынан Өзбекстанның үш тұрғыны көз жұмды. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы ТЖМ мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 2018 жылдың 26 наурызда, сағат 00:15-те болған. "Новости Узбекистана" порталының мәліметі бойынша, 32 жастағы ер адам ауладағы дәретханаға iPhone телефонын түсіріп алған. Ол телефонды алып шықпақ болып, көмекке көршісі мен әкесін шақырған. Ер адам шұңқырға түсіп, есінен танып қалған. Ер адамды алып шығу үшін көршісі мен әкесі де шұңқырға түскен. Екі адам сол жерде мерт болды.
Шақырту бойынша келген Наманган облысының ТЖБ тобы ер адам мен көршісінің денесін алып шықты. Ал әкесі ауруханаға жатқызылды. Көрсетілген көмекке қарамастан, ол да есін жимастан қайтыс болды.
Оқиғаға байланысты Өзбекстанның Төтенше жағдай министрлігі: "Құрметті азаматтар! Ұқсас жағдай туындаған жағдайда өздігінше құтқару жұмыстарын жүргізбей, ТЖМ көмегіне жүгініңіздер", - деген мәтіндегі хабарлама таратты.