Үш адам әжетханаға түсіп кеткен телефонын алып шығамын деп мерт болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрациялық сурет © AppleInsider.ru Иллюстрациялық сурет © AppleInsider.ru

Әжетханадағы улы газдар салдарынан Өзбекстанның үш тұрғыны көз жұмды. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы ТЖМ мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әжетханадағы улы газдар салдарынан Өзбекстанның үш тұрғыны көз жұмды. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы ТЖМ мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 2018 жылдың 26 наурызда, сағат 00:15-те болған. "Новости Узбекистана" порталының мәліметі бойынша, 32 жастағы ер адам ауладағы дәретханаға iPhone телефонын түсіріп алған. Ол телефонды алып шықпақ болып, көмекке көршісі мен әкесін шақырған. Ер адам шұңқырға түсіп, есінен танып қалған. Ер адамды алып шығу үшін көршісі мен әкесі де шұңқырға түскен. Екі адам сол жерде мерт болды. 

Шақырту бойынша келген Наманган облысының ТЖБ тобы ер адам мен көршісінің денесін алып шықты. Ал әкесі ауруханаға жатқызылды. Көрсетілген көмекке қарамастан, ол да есін жимастан қайтыс болды. 

Оқиғаға байланысты Өзбекстанның Төтенше жағдай министрлігі: "Құрметті азаматтар! Ұқсас жағдай туындаған жағдайда өздігінше құтқару жұмыстарын жүргізбей, ТЖМ көмегіне жүгініңіздер", - деген мәтіндегі хабарлама таратты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer